Александр Бублик жұптық сында Рим турнирінің ширек финалына шықты

РИМ. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші жұптық сында Рим мастерс турнирінің ширек финалына өтті. 

Бублик
Фото: ҚТФ

Қазақстандық спортшы америкалық Бен Шелтонмен бірге екінші айналымда бразилиялық Марсело Мело - германиялық Александр Зверевтен айласын асырды.

Бірінші партияда бразилиялық-германиялық жұп айқын басымдылық танытты - 6:2. Есесіне екіншісінде Бублик - Шелтон қарымта қайырды - 6:3. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 10:7.

Бір сағат 21 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-америкалық дуэт 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Мело - Зверев 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Бублик - Бен Шелтонның ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Грузиядағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз. Ал, Юлия Путинцева Римде әлемнің бірінші ракеткасына жол берді. 

Соңғы жаңалықтар