23:21, 31 Қаңтар 2019 | GMT +5
Александр Фамильцев футболдан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан еліміздің 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға бапкері болып 43 жастағы Александр Фамильцев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық жанкүйерлер Александр Фамильцевтің «Ертіс» (Павлодар), «Локомотив» (Нижний Новгород, Ресей), «Аксесс-Есіл» (Петропавл), «Торпедо» (Мәскеу, Ресей), «Томь» (Томск, Ресей), «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе», «Сахалин» (Оңтүстік Сахалин, Ресей) командаларында ойын көрсеткенін жақсы біледі. Ол Қазақстан құрамасында 35 матч ойында бір гол соққан.
Соңғы жылдары А. Фамильцев ресейлік «Томь» футбол клубының бапкерлер құрамында болды. Оған Игорь Свечников пен Рафаэль Оразбахтин көмектеседі. Бұл мамандар еліміздің бірқатар клубтарында жемісті қызмет атқарды.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар және 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамаларына бапкерлер тағайындалғанын хабарлаған едік.