Александр Недовесов Бухарест турнирінің ширек финалына шықты

Александр Недовесов
Фото: ҚТФ

БУХАРЕСТ. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Недовесов Бухарест (Румыния) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Бұл жолы португалиялық Франсиску Кабралмен жұптасқан қазақстандық теннисші сербиялықтар Никола Качич – Миомир Кецмановичпен бастапқы кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық-португалиялық жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Сербиялық дуэт 3 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

А.Недовесов – Ф.Кабралдың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Штутгарт турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған едік. 

Диас Досқараев теннисшілеріміздің табысы әлі алда екенін айтты. 



Соңғы жаңалықтар