Әлем чемпионаты: Қазақстан - Лихтенштейн кездесуінде кім төрешілік етеді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Лихтенштейн кездесуінде польшалық төрешілер бригадасы қызмет атқарадыКездесу 10 қазан күні 19:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлем чемпионаты: Қазақстан -Лихтенштейн кездесуінде кім төрешілік етеді
Фото: ҚФФ

Бас төреші міндетін Павел Рачковски атқарса, оған Марцин Бонек пен Бартош Хейниг көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Патрик Грицкевич.

Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық футболшылар Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.

Айта кетсек, футболдан Лихтенштейн құрамасы Қазақстанның УЕФА аясындағы 48-інші қарсыласы болды. 

Әзірге қазақстандық футболшылар Гибралтар, Израиль, Испания, Италия, Косово, Лихтенштейн және Швейцариямен кездесе алған жоқ.

Қазақстандық футболшылар аталған ұйым аясында 2002 жылдың 25 сәуірінен бастап ойын көрсетіп келеді. Олар Әлем және Еуропа чемпионаттары, Ұлттар лигасы турнирлерінде бақ сынады.

Еске салсақ, футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андоррадан жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар