Әлем чемпионаты ширек финалына қай елден қанша боксшы шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты ширек финалына қай елден қанша боксшы шыққаны белгілі болды.

Дүбірлі додаға 12 спортшы алып барған Қазақстан құрамасының 10 спортшысы жарыстың аталған сатысына дейін жетті. Олардың қатарында Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) бар.
Сондай-ақ Түркия мен Ресейден де ширек финалда 10 боксшы сынға түседі. Ал Өзбекстан мен Сербия - 8, Марокко - 6, Қытай - 5, Болгария мен Таиланд - 4, Румыния, Въетнам, Солтүстік Корея мен Венесуэла - 3, Әзербайжан, Словакия, Беларусь пен Ирландия - 2, Испания, Сьерра-Леоне, Кения, Молдова, Таити, Моңғолия, Тәжікстан, Мексика, Латвия, Нидерланд пен Нигерия - 1 боксшысына сенім артады.
Айта кетсек, былғары қолғап шеберлері күндізгі (Астана уақытымен 18:00-де) және кешкі сессияда (Астана уақытымен 22:00) шаршы алаңға шығады.