Әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы сапындағы үздіктер анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты жоғары дивизионында сынға түскен Қазақстан құрамасы сапында үздік ойыншылар анықталды.

Шайбалы хоккей
Фото: icehockey.kz

Мұндай марапатқа Кирилл Ляпунов, Аслан Жүсіпбеков және Владимир Никитин ие болды.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатында B тобында ойын көрсетті. Топтық кезеңде олар Швециядан 0:8, Чехиядан 2:14, Швейцариядан 4:5, Словакиядан 1:3 есебімен жеңіліп, плей-офф сатысына шыға алмай қалды.

Ал жоғары дивизионда орнын сақтап қалу үшін өткен ойында Германияға 3:4 есебімен жол берді.

Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы жылы бірінші дивизионда сынға түседі.

Сондай-ақ жоғары дивизионында жартылай финалға шыққан құрамалар анықталды. Ширек финалдағы ойындарда Швеция құрамасы Латвияны 3:2, Финляндия Словакияны 5:3, АҚШ Швейцарияны 7:2, Чехия Канаданы 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Енді 5 қаңтарда жартылай финалда Швеция мен Финляндия, АҚШ пен Чехия шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар