Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасының ойындары қай уақытта басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы ойындары қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық хоккейшілер алғашқы ойынын 13 мамырда Норвегияға қарсы өткізеді.

Ел құрамасы В тобында сынға түседі.

Қарсыластары - Канада, Словения, Чехия, Швейцария, Словакия, Латвия және Норвегия.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

13 мамыр, 19:20. Норвегия - Қазақстан

14 мамыр, 23:20. Чехия - Қазақстан

16 мамыр, 23:20. Швейцария - Қазақстан

17 мамыр, 23:20. Канада - Қазақстан

19 мамыр, 23:20. Қазақстан - Словакия

20 мамыр, 23:20. Қазақстан - Латвия

22 мамыр, 23:20. Қазақстан - Словения.

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, әлем чемпионаты бүгін, 12 мамырда Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында өткізіледі.

Топтық кезең 12 және 23 мамыр аралығына белгіленген. Финал 28 мамырда болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының хоккейшілері анықталды.


Соңғы жаңалықтар