Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының хоккейшілері анықталды

None
Фото: icehockey.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатына баратын қорытынды тізімге барлығы 25 хоккейші енгізілген. Олардың 3-і қақпашы болса, қалған 22-і ойынгылар.

Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі:

Қақпашылар: Андрей Шутов, Никита Бояркин, Джелал-ад-Дин Әмірбеков;

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Тамирлан Гайтамиров, Артём Королёв, Мәди Диханбек, Данил Бутенко, Дмитрий Бреус;

Шабуылшылар: Роман Старченко, Аркадий Шестаков, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Дмитрий Гренц, Никита Михайлис, Михаил Рахманов, Абай Маңғысбаев, Әлихан Әсетов, Батырлан Мұратов, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков, Дінмұхамед Қайыржан, Аңсар Шайхмедденов, Максим Мусоров, Андрей Буяльский, Александр Борисевич.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында ойнайды. Қарсыластары - Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словения.

Алғашқы ойынын ел құрамасы 13 мамырда Норвегияға қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасы халықаралық «Qazaqstan Hockey Open 2023» турниріне қатысты.


Соңғы жаңалықтар