Халықаралық турнирде Қазақстан хоккейшілері Беларуське есе жіберді

None
Фото: icehockey.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада халықаралық «Qazaqstan Hockey Open 2023» турниріндегі алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Беларуське есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын барысында беларусьтік хоккейшілер басым ойнады.

Олардың тарапынан Роман Горбунов 2, Владимир Алистров 8, Тимофей Ковгорен 22, Сергей Романовиx 36, Еорг Чезганов 40, Андрей Белевич 44-минутта мергендік танытты.

Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 0:6 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Ресейден 0:3 есебімен ұтылып қалған еді.

Ал Беларусь хоккейшілері Ресейді 7:4 есебімен жеңді.

Нәтижесінде олар турнирдің жеңімпазы атанды.

Ал, 13 мамырда ел құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында өтетін әлем чемпионатында В тобындағы ойынын бастайды.

Қарсыластары – Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словения.


Соңғы жаңалықтар