Әлем кубогы: Аида Әбікеева жартылай финалға өтті

АСТАНА.KAZINFORM - Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында әлем кубогы кезеңінің ширек финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр.

Аида Әбікеева
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін шаршы алаңда екі дүркін әлем чемпионы, 65 келідегі Аида Әбікеева ширек финалда АҚШ өкілі Марие Росендомен кездесті.

3 раундта да отандасымыз қарсыласынан қарағанда нәтижелі соққыларын дарытып, 4:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, әлем чемпионы, 70 келіде ең тәжірибелі боксшы саналатын Абылайхан Жүсіпов ширек финалда Шавкатжон Болтаевпен (Өзбекстан) жолы түйісіп, қарсыласын жеңді.

2 дүркін әлем чемпионы, 50 келідегі Санжар Тәшкенбай ширек финалда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен жұдырықтасып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Тимур Нұрсейітов медаль үшін таласта есе жіберді.