Әлем кубогы: Тимур Нұрсейітов медаль үшін таласта есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Тимур Нұрсейітов Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының ширек финалында сүрінді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
75 келіде алғаш рет Әлем кубогына қатысқан Тимур Нұрсейітов ¼ финалда осы салмақтың басты фавориті, әлем чемпионатының финалисі Рами Киванмен (Болгария) жолықты.
3 раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті қарсыласқа берді. Есеп: 5:0.
Сонымен қоса Лаура Есенкелді әлемдік додадағы жарысын ширек финалда аяқтағаны белгілі болды.
Бұдан бұрын Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогында сенімді түрде жартылай финалға шыққанын жазғанбыз.