Әлем кубогында алтын алған боксшыға туған жерінде құрмет көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында спортшы Наталья Богдановаға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов 5 млн теңгенің сертификатын табыс етті.

Әлем кубогында алтын алған боксшыға туған жерінде құрмет көрсетілді
Фото: СҚО әкімдігі

– Бүгін өңірдің спортсүйер қауымы әлем кубогының иегері, белгілі боксшы Наталья Богдановаға құрмет көрсетті. Әсіресе, финалдық жекпе-жектің Астанада өтуі — ерекше символдық мәнге ие. Онда Наталья аустралиялық қарсыласын сенімді түрде жеңіп, қазақстандық бокстың жоғары деңгейін көрсетті. Бұған дейін де Наталья көп жетістікке жеткен. Айталық, ол – әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азиада чемпионы. Бұл – Солтүстік Қазақстан халқы мақтан тұтатын айтулы жеңістер, - деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Іс-шара кезінде боксшының бапкері Дастан Кабденов те ескерусіз қалмады. Оған 1 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. 

Әлем кубогында алтын алған боксшыға туған жерінде құрмет көрсетілді
Фото: СҚО әкімдігі

Наталья Богданова 1999 жылы дүниеге келген. Спортқа кеш келгенімен, бүгінде танымал боксшылардың бірі саналады. 

Әлем кубогында алтын алған боксшыға туған жерінде құрмет көрсетілді
Фото: СҚО әкімдігі

Отандасымыз Астанада өткен World Boxing аясындағы әлем кубогында 70 келі салмақта үздік шықты. Биыл наурыз айында өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. 

Ал, былтыр желтоқсан айында Тайландтың Чиангмай қаласында бокстан өткен Азия чемпионатында Наталья Богданова алтыннан алқа тақты. 

Соңғы жаңалықтар