Әлемде алюминий бағасы шарықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Әлем бойынша алюминий бағасы соңғы төрт жылдағы ең жоғары көрсеткішке көтерілді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ Investing порталына сілтеме жасап.

алюминий
Фото: Азертадж

Лондон металл биржасында (LME) сауда барысында алюминий фьючерстері 2,8%-ға өскен — тоннасы 3544 долларға жеткен. Бұл көрсеткіш сәуір 2022 жылдан бері алғаш рет тіркелді.

Содан кейін баға аздап төмендеді. Соңғы мәліметтер бойынша алюминийдің тоннасы 3387 долларға, яғни 1,1%-ға арзандаған.

Өткен аптада алюминий бағасы шамамен 10%-ға көтеріліп, соңғы үш жылдың ең үлкен апталық өсімін көрсетті. Сарапшылар бұл динамиканы Таяу Шығыс елдерінен келетін жеткізілімдерде мүмкін болатын үзілістерге байланысты деп түсіндіреді. Бұл елдер әлемдік алюминий өндірісінің шамамен 9%-ын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Қатар мен Бахрейндегі екі алюминий зауыты аймақтағы қарулы қақтығысқа байланысты жеткізілімді тоқтатуға мәжбүр болды.

Shuohe Asset Management Co. компаниясының сарапшысы Гао Инь ұзаққа созылған қақтығыс алюминий жеткізілімдеріне теріс әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, тұтынушылар мүмкін болатын үзілістерге дайын болу үшін металл қорын арттыра бастады.

Бұған дейін Қазақстан алюминий дөңгелек дискілерін өндіруді қолға алатыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум