Әлемде ядролық қару біршама қысқарғанымен, дүниедегі ең жойқын қарудың мөлшері әлі де көп - Б. Садықов

АСТАНА. ҚазАқпарат -Әлемде ядролық қару саны біршама қысқарғанымен, дүниедегі ең жойқын, жойғыш қарудың мөлшері әлі де көп. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов осылай мәлімдеді.
None
None

Брифинг «АТОМ» жобасы және Қазақстан Президентінің ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларын ілгерілету» тақырыбына арналған болатын. «Терроризмнің қылаң алуы, экономикалық жағдайдың нашарлауы, экология, су, энергетикалық және басқа да қауіптермен қатар, әлемде ядролық, химиялық, бактерологиялық қаруды пайдалану мүмкіндігінен арашалау өзектігінен еш айырылған емес. Ядролық қаруға тыйым салу халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер қатарында тұр. Мұндай жойқын қырып-жою қаруының саны соңғы уақытта біршама қысқарғанымен, дүниедегі ең жойқын, жойғыш қарудың мөлшері әлі де көп. Мәселен, оның мөлшері арнайы немесе байқаусызда қолданған жағдайда қысқа ғана мерзімде дүние жүзіндегі барлық тіршілікті жоқ қылуға жеткілікті», - дейді Б. Садықов.

Оның айтуынша, Елбасы Н. Назарбаевтың адамзат баласын ядролық қарудан арылту мен жаппай қырып-жою қаруының таралмауына бағытталған саясаты халықаралық қауымдастық назарына ілігіп, Қазақстанның көшбасшылық рөлін танытып отыр. Бұл ретте СІМ өкілі Елбасының соңғы бастамалары арасынан «АТОМ» жобасын ерекше атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, бұндай өзектілігі жоғары бастамалар прогрессивті адамзат тарапынан ұдайы қолдауға ие бола бермек.

Соңғы жаңалықтар