«Әлемдегі ең бақытсыз піл» қайтыс болды
Филиппинде 30 жылдан астам жалғыз өмір сүруге мәжбүр болған «әлемдегі ең бақытсыз піл» қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі The Independent басылымына сілтеме жасап.

Филиппин астанасы Маниладағы хайуанаттар бағында Вишва Маали немесе қысқаша Мали деген піл өмір сүрді. Ол шамамен 43 жыл өмір сүрген, бірақ оның нақты жасы белгісіз.
Бұл жануар 30 жылдан астам уақыт бойы осы хайуанаттар бағында жалғыз піл болғаны үшін де танымал. Сол себепті «People for the Ethical Treatment of Animals» (PETA) қайырымдылық ұйымы Малиді «әлемдегі ең бақытсыз піл» деп атады.
Мали Филиппинге 1988 жылы Шри-Ланкадан елдің сол кездегі бірінші ханымы Имельда Маркосқа сыйлық ретінде әкелінді. Піл өзінің алғашқы айларын Манила хайуанаттар бағында Шива есімді басқа пілмен бірге өткізді.
Бірақ 1990 жылы Шива өлді, содан бері Мали Манила хайуанаттар бағында өз түрінің жалғыз өкілі болды, өйткені мекеменің басқа піл сатып алуға ақшасы болмаған.
I was a child when i went to Manila Zoo and Ive never seen it again until earlier this year. I was like 8yrs Old when I saw Mali for the first time, 20 yrs later Mali's still there. Im Grateful na naabutan ko pa sya. Sobrang nakakalungkot. RIP Mali! 🙏🏻❤️❤️😭 pic.twitter.com/cwlid1FSak
— Rusty (@rreyyyy14) November 28, 2023
Жануарлар құқығын қорғаушылар бірнеше рет Малиді басқа елге көшіруге кеңес беріп, Манила хайуанаттар бағының басшылығын сынға алды.
PETA 2005 жылы Малиді қоныстандыру бойынша дүниежүзілік науқанды бастады.
Акцияға Нобель сыйлығының лауреаты Джон Максвелл Кутси, әнші Пол Маккартни, актриса Брижит Бардо және басқа да танымал тұлғалар қосылды. Бірақ ақыры бұл бастама амалға аспады және Мали 30 жылдан астам уақыт бойы, яғни бүкіл дерлік өмірін жалғыз өткізді.

2022 жылы Манила хайуанаттар бағының кіреберісіне мекеменің символы және Филиппиндегі жалғыз піл ретінде Мали мүсіні орнатылды.
Хайуанаттар бағының бас ветеринары, доктор Генрих Патрик Пенья-Домингоның айтуынша, Мали соңғы кездері денесін қабырғаға ысқылап, ішкі ауырсынуды байқатқан.
28 қарашада жануардың жағдайы нашарлап, бүйірімен жатып, ауыр тыныс алған.
Rest in Peace, Mali the Elephant 💔
— PETA (@peta) November 29, 2023
The world is mourning the death of Mali who spent decades alone at the Manila Zoo 😔🌹 https://t.co/BJWmCAakJA pic.twitter.com/DCb5UaA9pE
Хайуанаттар бағының ветеринарлары оған антигистаминдер мен витаминдер берген, бірақ ол сол күні түстен кейін қайтыс болған.
Аутопсия нәтижесінде Малиде ұйқы безінің қатерлі ісігі бар екенін анықталған.
PETA хайуанаттар бағы мен Филиппин үкіметін пілдің денсаулығына қатысты проблемаларды елемей, оны ондаған жылдар бойы «жеке камерада» ұстады деп айыптап отыр.