Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар балаларына көмек көрсету мақсатында республикалық акция өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2015 жылғы 15 қаңтар-15 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілетіндігін хабарлайды, делінген ҚР БҒМ сайтында.
None
None

Акцияның мақсаты - әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және т.б. әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептерге (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) байланысты балалардың мектепке бара алмай қалуының алдын алу. Акцияның басым міндеттері - мектеп жасындағы балалардың оқуды тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт сабаққа бармауына себеп болған жағдайларды айқындау, олардың дәлелсіз себептерсіз мектепке бармауының алдын алу, сондай-ақ материалдық жағдайы төмен отбасылар балаларының өмір сапасын жақсарту, жұртшылықты аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметпен айналысуға тарту.

Акция шеңберінде жергілікті атқарушы органдар қадағалаусыз және баспанасыз қалған балаларды анықтау мақсатында рейдтер өткізіп, дәлелсіз себептермен мектепке бармай жүрген мектеп жасындағы балаларды айқындау үшін мектептерге бекітілген шағын учаскелердегі үйлерді аралайды. Сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттағы балаларға, оның ішінде жалпыға міндетті оқумен қамту қорынан материалдық көмек көрсету бойынша шаралар қолға алынбақ. Бұл мақсаттарда мемлекеттік органдарды, бизнес құрылымдардың өкілдерін, меценаттар мен демеушілерді бекіту шаралары өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар