Әлеуметтік парақшаны дамытуға уәде берген ақтөбелік 2 адамды алдаған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық полиция департаменті бейтаныс адамдардың сеніміне кіріп, алдап кеткен ауыл тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Темір ауданының 21 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол әлеуметтік желідегі парақша арқылы Алға қаласының 30 жастағы тұрғынына тиесілі 35 мың теңгені алып кеткен. Жәбірленуші 12 тамызда полицияға арыз жазды. Күдікті ұсталып, Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Шұбарқұдық ауылының 21 жастағы тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын алдап кеткен. Инстаграмм қосымшасы арқылы жеке аккаунтты дамыту сылтауымен ол Нұр-Сұлтан қаласының 20 жастағы тұрғынына тиесілі 44 мың теңгені иемденген. Қыз мобильді қосымша арқылы ақша аударған. Жәбірленуші полиция келіп, арызданды. Аталған факті бойынша күдікті өз әрекетін мойындады. Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Азаматтарды қырағы және аса сақ болуға шақырамыз», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар