Алғалық азамат жол полиция қызметкеріне пара бергендігі үшін қолға түсті

АҚТӨБЕ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Маусымның 21-і күні сыбайлас қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жол полициясы басқармасының бақылау-алдын алу бөлімімен біріге отырып айыппұл автотұрағының аумағынан пара берген 24 жастағы Алға қаласының азаматын қолға түсірді.
None
None

Ақтөбе облысы ІІД-нің бүгін өткен апталық брифингісінде хабарланғандай, ұсталған уақытында ол әкімшілік хаттама жазбау үшін жол полиция инспекторына 2 400 теңге көлемінде пара беріп жатқан.

Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Пара беру» туралы 312-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.

Соңғы жаңалықтар