Алғашқы медициналық көмек көрсеткен: Ақтөбеде мектеп оқушысы замандасын өлімнен арашалап қалды
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы ауданындағы Елек өзеніне бір топ бала суға шомылған. Оның ішінде 15 жастағы бала жағаға шыға алмай, жанында тұрғандарды көмекке шақырып, айқайлады. Ал өзен жағасының екінші бетінде тұрған 16 жастағы Қолқанат Баққұл еш ойланбастан жүзіп барып, замандасын құтқарып қалды. Тіпті жүрегіне массаж жасап, алғашқы медициналық көмек те көрсетті. Ол №13 орта мектеп оқушысы.
«Қолқанат өзінің шапшаңдығының арқасында өзенде есінен танып қалқып бара жатқан 15 жастағы баланы жағаға алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, құтқарып қалады. Қазіргі таңда зардап шеккен баланың жағдайы тұрақты. Ол медицина қызметкерлеріне табысталды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, таяуда ғана Ырғыз ауданының Құрылыс ауылында мектептің 2 оқушысы суға батып кетті. Бірінің денесін ауыл тұрғындары 2 сағаттан соң тапса, екіншісін сүңгуірлер ұзақ іздеді. Жалпы былтыр шомылу маусымында 19 адам суға батып кетті. Оның 9-ы бала. Биыл облыста 64 орын белгіленді.