Алғыс айту күні ақтөбелік полицейлер еріктілерді марапаттады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Zello Poisk еріктілер тобымен кездесіп, Алғыс айту күні мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғыс айту күні ақтөбелік полицейлер еріктілерді марапаттады

Бүгін қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтті. Полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов «Zello Poisk» еріктілер тобымен кездесіп оларға алғыс хат табыстады. Жоғалған адамдарды іздеуде полицияға көрсеткені үшін алғысын білдірді.
«Zello Poisk» еріктілер тобы із-түзсіз жоғалғандарды, атап айтқанда кәмелетке толмағандар мен егде жастағы адамдарды іздеуде полицияға өлшеусіз көмек беріп келеді. 4 жыл бойы полиция қызметкерлері «Zello Poisk» командасымен тығыз байланыста және құтқарылған адамдар аз емес. Сіздің және күш-жігеріңіздің арқасында бұл әлем мейірімді, қауіпсіз, бақытты болады. Өйткені, еріктілер - мейірімділіктің, адамгершілік пен риясыздықтың нағыз үлгісі», - деді Абай Жүсіпов.