Әлібек Бақаев Аустрия және Словениядағы елші қызметтерінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабаралайды.
None
Фото: gov.kz

Айта кетейік, бүгін Президент Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіні Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындады.


Соңғы жаңалықтар