Әлихан Смайылов Президент тапсырмаларының орындалуы барысы жөнінде айтты
«Жыл басынан бері Үкіметке Сіз халық табысын арттыру, жұмыс орындару құру, инвестициялар тарту, шағын және орта бизнесті дамыту және басқа да мәселелер бойынша міндеттерді қойдыңыз. Қазіргі кезде Сіз берген 207 тапсырманың 91-і орындалды. Сонымен қатар, 116 тапсырма орындалу сатысында тұр. Оның арасында 28-і бойынша жұмыстар аяқталуға жақындады», - деді Әлихан Смайылов Президентке қарата айтқан сөзінде.
Айта кетейік, Үкімет басшысы мемлекеттік бюджетті атқарылуына қатысты мәліметтерді жариялады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент көтерме-тарату орталықтары желілерін іске қосу жұмыстарын сынады.
Президент каптиталды қайтаруға бағытталған шараларды жедел қабылдау керек екенін тапсырды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңірлерде қаражаттың игерілуіне қатысты пікір айтты.
Фото: t.me/KZgovernment