Әлия — батыр қызы сен халқымның: Ақтөбеде дрон шоу болды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде 550 дронның көмегімен аспанға «Әлия — ару қызы сен халқымның», «Әлия — батыр қызы сен халқымның» деп жазылды.

Әлия - батыр қызы сен халқымның: Ақтөбеде дрон шоу болды
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Ақтөбе қаласында гала концерт өтті.

Әлия - батыр қызы сен халқымның: Ақтөбеде дрон шоу болды
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Онда Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева С. Бәйтерековтің «Әлия» әнін шырқап, кейін дрон шоу өтті.

Әлия - батыр қызы сен халқымның: Ақтөбеде дрон шоу болды
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

— Жүздеген дронның үйлесімді қозғалысы арқылы жасалған әсерлі сценографиялар барысында көрермендер Әлия Молдағұлова мен Димаш Құдайбергеннің бейнелерін, Ақтөбе қаласының танымал рәміздерін, сондай-ақ көптеген әсерлі көріністі тамашалай алды. Музыкалық сүйемелдеу болды, — деп хабарлады Ақтөбе облысының баспасөз қызметі.

Әлия - батыр қызы сен халқымның: Ақтөбеде дрон шоу болды
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Еске салсақ, Ақтөбеде екі күн бойы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы өтті.

Әлия - батыр қызы сен халқымның: Ақтөбеде дрон шоу болды
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

«Ғасырларға жалғасқан ерлік» форумына Ресейден және Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен делегациялар келді.

Қазақтың мерген қызының мерейтойына 80 киіз үй құрылды, осылайша этноауыл бой көтерді. Ғасырлық тойға жиналған қонақтар қазақтың ұлттық ойындарын тамашалап, алтыбақанда ойнап, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. 

Соңғы жаңалықтар