Әлия Молдағұлованың қайтыс болған күніне арнап ақтөбелік жастар еске алу акциясын өткізді (ФОТО)

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін ақтөбелік мектеп оқушылары Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алу барысында Мәңгі алау маңында 71 шырақ жақты. Осыдан 71 жыл бұрын дәл осы күні, 1944 жылдың 14 қаңтарында қазақтың даңқты батыр қызы дүниеден өтіпті.
None
None

Жерлестері батыр қызды еске алып, акцияға Есет батыр атындағы мектептің, «Сарбаз» патриоттық клубының, жас ұшқыштар мектебінің тәрбиеленушілері, қалалық «Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының мүшелері, №27 орта мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Жастарға Әлия мен Мәншүк атындағы «Қос шынар» қайырымдылық қорының басшысы Ғалымжан Байдерес Әлия жайлы әңгімелеп берді.

Жастар батыр қызға арналған өлеңдер оқып, қатысушылардың бірі «Әлия» әнін әуелетті.

Ержүрек қыздар мен соғыстан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Акция соңында жастар 71 шырақ жағып, мәңгі алау жанында «71» санын бейнеледі.

Соңғы жаңалықтар