12:48, 04 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматы әуежайы қалыпты режимде істеп тұр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жер сілкінісінен соң Алматы халықаралық әуежайында бүкіл қызметтер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

«Ұшу-қону жолағы мен перрон тексеріліп, ешқандай зақым табылмады» деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгінгі жер сілкінісі Алматыда — 5 балл, Жетісу облысында — 2 балл көлемінде сезілді.
Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы «Жиын» сигналы бойынша көтерілді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкінісінің салдары туралы ақпарат жиналып жатыр.
ТЖМ жедел желіні іске қосты.
Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін ескертті.