Алматы әуежайында әуе рейстері кешігіп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы халықаралық əуежайында ауа райының қолайсыздығынан 12 əуе рейсі кешіктірілді. Бұл туралы əуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті.

аэропорт Алматы
Фото: пресс-служба правительства РК

«Мегаполистегі метеоахуалдың қолайсыздығына байланысты 12 əуе рейсі кешігіп жатыр. Жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз. Әуежайдың барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде», - деп хабарлады Алматы халықаралық əуежайынан.

Алматыда таңертең басталған қар тоқтаусыз жауып тұр.

Қазгидрометтің болжауынша, ауа температурасы 17 ақпанда түнде және түстен кейін -14...-22 градус суық болады

Алматылық полицейлер ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды

Соңғы жаңалықтар