Алматы әуежайында жаңа автотұрақ ашылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы халықаралық әуежайы өз аумағында жаңа автотұрақ ашылғанын хабарлады. Ол 130 орынға есептелген.

Жалпы мегаполис әуежайында жүргізушілер 1 075 тұрақ орынды пайдала алады.
– Алматы халықаралық әуежайында жаңа автотұрақ орны ашылды. 130 орынға есептелген жаңа автотұрақ жаңа терминалдың вокзал аймағында орналасқан. Қазіргі таңда әуежайдың вокзал аймағында 421 орынға 130 жаңа орын қосылды, сондай-ақ жабық тұрақта 298 орын, оңтүстік тұрақта 226 орын бар, - деп хабарлады әуежайдан.
Еске салайық, биыл 1 маусым күні Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады.
Сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып Гокер Косе тағайындалды.
Бұған дейін Алматы әуежайының автотұрағы кеңейтілетінін жазғанбыз.