Алматы бес аймаққа бөлінеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының жаңа бас жоспарына сәйкес, мегаполисте бір орталықтың орнына «Солтүстік», «Батыс», «Оңтүстік-батыс», «Шығыс қақпасы» және «Тарихи орталық» сияқты бес орталық пайда болады.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматыбасжоспар» — да кеңес өткізді. Қала басшысына бес негізгі полиорталық — іскерлік белсенділікті қайта бөлуге, қаланың орталық аудандарында жүктемені азайтуға және бүкіл мегаполис бойынша толыққанды өсу нүктелерін құруға арналған заманауи қоғамдық-іскерлік кластерлерді қалыптастыру жобасы ұсынылды.
«Солтүстік» полиорталығы — «Алматы-1» теміржол станциясына іргелес аумақ. Бұл полиорталықта қызмет көрсету саласы қарқынды дамитын болады, салынып жатқан құрылыстарда бірінші қабаттар шағын бизнеске жалға беріледі, скверлер, Үлкен Алматы кааналы, Баум тоғайы маңайында демалыс орындары қарастырылған.
Келесі аймақ — «Батыс» полиорталығы, жаңа Алматы-3 теміржолвокзалы мен Боралдай кентіндегі көлік хабы ауданында орналасатын болады. Мұнда барлық қажетті инфрақұрылым, соның ішінде «Сақ қорғандары» этнографиялық паркінің айналасында жүргізілетін болады. Алаңы 90 гектар желілік рекреациялық саябақ, жаңа көпсалалы аурухана кешенін салу жоспарда.
«Оңтүстік-батыс» полиорталығы — Райымбек даңғылы мен Алатау көшесін ұзарту аумағында. Мұнда шағын өнеркәсіптік парктер, сауда және логистика нысандары, әкімшілік-іскерлік орталықтар орналасады.
«Тарихи орталық» — Медеу ауданының бөлігі, Байтұрсынов көшесі — Абай — Зенков — Жібек Жолы даңғылдарының шекарасындағы «алтын аймақ». Мұнда өнеркәсіп орындары болмайды, тарихи-мәдени маңызы бар ғимараттар қалпына келтіріледі.
Бесінші аймақ — «Шығыс қақпасы» полиорталығы. Бұл Талғар және Құлжа тракттарының ауданы. Мұнда Алматының логистикалық хабы орналасады.
Өз кезегінде қала әкімі әрбір полиорталық әлеуметтік инфрақұрылымды, демалыс аймақтарын және адамдар мен бизнесті тартатын зәкірлік жобаларды ескере отырып, кешенді түрде дамуы тиіс екенін атап өтті.
— Тұрғын үй салуға басымдық берілмейтіндей және 5 жылдан кейін бұл аудандар тыныш аудандарға айналмайтындай етіп жобаларды пысықтау қажет. Саябақтар, сауда орталықтары, кеңселер жоспарлау кезеңінде қарастырылуы тиіс. Адамдар өмір сүріп қана қоймай, жұмыс істейтін, демалатын, бос уақытын өткізетін теңестірілген ортаны құру маңызды — аудандар шынайы жайлы және тыныс-тіршілікке толы болғаны жөн, — деп атап өтті Дархан Сатыбалды.
Еске салайық, 2023 жылы Үкімет Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті.
Бұған дейін Алматыда 2040 жылға қарай бір емес, бес орталық пайда болатыны туралы жазғанбыз.