«Алматы электр станциялары» 4,4 млрд теңге айыппұл төлейді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының Индустриялық аймағында қызмет жүргізетін нарық субъектілерінің құқықтарын қорғау мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Департаменті «Алматы электр станциялары» АҚ-қа қатысты үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізді. 

«Алматы электр станциялары» бизнеске қысым көрсеткені үшін 4,4 млрд теңге айыппұл төлейді
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Индустриялық аймақ — Алматы қаласында басым салаларды дамыту және жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған. Қазіргі уақытта оның аумағында 118 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, ал инвестициялар көлемі 400 млрд теңгеден асады. Энергия ресурстарын тарту мен тұтынуға кететін шығындарды азайту үшін мемлекет тарапынан ЖЭС-2 желілеріне тікелей қосылған электр желілері жүргізілген.

Алайда, «АлЭС» АҚ Индустриялық аймақ аумағында қалалық электр желілері болмағанына қарамастан, энергиямен жабдықтаушы ұйымды аффилиирленген энергия жеткізуші ұйымның желілері арқылы электр энергиясын жеткізу қызметімен бірге сатып алуға міндеттеген.

— Тергеп-тексеру нәтижесінде «АлЭС» АҚ-ға қатысты ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Іс материалдары Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданып, сот шешімімен «АлЭС» АҚ 4,4 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түрінде жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ, — делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарламасында. 

Айта кетелік Петропавлда ТҮКШ бөлімінің басшысына 3 млн теңге айыппұл салынды

Соңғы жаңалықтар