Алматы хайуанаттар бағында қандай жолбарыстар өмір сүреді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы хайуанаттар бағы зообақта өмір сүретін жолбарыстардың отбасылары жайында желіде жазды.

Алматы хайуанаттар бағында «Асыл тұқымдылар» кітабына енген Урман атты ерекше Амур жолбарысы өмір сүреді.
«Бұл жолбарыс бізге бір жасында Ресейдің Пермь қаласындағы зообақтан әкелінген. Қазір ол - 13 жаста. Қарт жануар саналғандықтан ол Амур жолбарыстарын қорғаудың халықаралық бағдарламасына қатысушы ретінде «Асыл тұқымдылар» кітабына енгізілген. Осы бағдарлама аясында жұп ретінде оған Мәскеу зообағынан алынған Таша есімді жас ұрғашы таңдап алынды. Таша өткен жылы Алматы хайуанаттар бағына, Урманның қасына жеткізілді. Алдағы уақытта Урман мен Таша жұбында кішкентай жолбарыстар өмірге келеді деп үміттенеміз», - деп жазды зообақ ұжымы.
Сондай-ақ зообақта жолбарыстардың тағы бір отбасы тұрады.
«Бентли – Астана циркінен 2021 жылы әкелінген, ширақ қимылдайтын жас жолбарыс. Жақында ол 5 жасқа толады. Мая, Зоя, Айя және Шерхан атты кішкентай жолбарыстар 2021 жылы өмірге келген. Ал ұрғашы жолбарыстар – ерекше сүйкімді Нұр мен Надежда бізге Баку зообағынан әкелінген», - деп хабарлады зообақта.
Зообақтың мәліметінше, хайуанаттар бағында өмір сүретін барлық жолбарыстың жағдайы жақсы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram