Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары ауысты

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Алмаз Кеңесбай Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істер агенттігі хабарлады.

Кеңесбай Алмаз Абайұлы
Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Алмаз Абайұлы Кеңесбай Президенттік жастар кадр резервіне «Әлеуметтік саясат, азаматтық қоғам» бағыты бойынша қабылданған. Бұл оның жоғары кәсіби әлеуетін және әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті міндеттерін шешуге дайын екенін айғақтайды.

Ол Алматы энергетика және байланыс университетінің «Электр энергетикасы» мамандығын, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2017 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.

2023 жылдан бастап Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппараты Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің басшысы болды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Өңірлік даму» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

2024 жылдан бастап Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында аға оқытушы, сондай-ақ Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесін жауапты басшылық лауазымға тағайындау мемлекеттік басқару жүйесінде меритократия қағидатын жүйелі түрде іске асырудың және жас басқарушылар әлеуетін тиімді пайдаланудың айқын көрінісі саналады.

Бұдан бұрын Бағдат Чайзада Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқаратынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар