Алматы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы парамен ұсталды

АЛМАТЫ. КAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерін ұстады. 

Түрме
Фото: Kazinform

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті алматылық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Лауазымды тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 361 (лауазымдық өкiлеттiгін теріс пайдалану), 362 (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiгін асыра пайдалану) және 366 (пара алу) баптарында көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген. 

Сот санкциясымен 3 қызметкерге қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр.