Биыл Алматыда 35 шақырым жаңа жол салынады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда асфальт- бетон қоспасын пайдаланып жолдардағы шұңқырлы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталады.

жол жөндеу
Фото: Алматы әкімдігі

Қалалық мобильділік басқармасынан атап өткендей, жөндеу жұмыстары магистральдық және аудандық маңызы бар көшелерде жүргізіледі.

жол жөндеу
Фото: Алматы әкімдігі

– Асфальт- бетон зауыты мерзімінен бұрын іске қосылды, ол «жылы асфальт» өндіреді. ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, энергия үнемдейтін қоспалары бар жаңа технология асфальтты –5°C дейінгі температурада төсеуге мүмкіндік береді. «ҚазжолҒЗИ» әзірлеген бұл әдіс республикалық тас жолда сыналып көрген,– деп хабарлады басқармадан.

Жөндеу кезінде жол қозғалысына ешқандай шектеу қойылмайды.

жол жөндеу
Фото: Алматы әкімдігі

Биыл мегаполисте 35 шақырым жаңа жол салынып, 300 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ 2025 жылы Сейфуллин даңғылы — Жансүгіров көшесінің қиылысында және Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі Саин көшесінің, сондай-ақ Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі қиылысының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Мақсат – 2024 жылы жол сапасын 92%-ға дейін жеткізсе, 2025 жылы бұл көрсеткішті 95%-ға арттыру.

Соңғы жаңалықтар