Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Төтеншеліктер Алматы қаласының тұрғындарына көшкін жүру қаупі болуына байланысты қарлы беткейлерге шығудан бас тартуға кеңес берді.

көшкін
Фото: ТЖМ

13-15 қарашада Алматының Үлкен және Кіші өзендері бассейндерінде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Құтқарушлар қар көшкіні болуы қаупіне байланысты тұрғындарды қар басқан беткейлерге шықпауға шақырды.

Сондай-ақ 112 қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамауға кеңес берілді.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:

  • Маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз.
  • Қар көшкіні, сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз, әсіресе қатты жауын-шашыннан кейін.
  • Жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек.
  • Бұл ретте ұзақ қашықтыққа гүрілдеген ағыны қар көшкіні мен селдің өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастарды ұшыруы мүмкін екенін есте сақтаңыз.
  • Әрқашан есіңізде болсын, қар көшкіні мен сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады.
  • 112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, қар көшкіні мен сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.

Осыған дейін Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасаған болатын

Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті.490 арнайы техника мен 1 200 жұмысшы жұмылдырылды.Аудандық әкімдіктерде жұмыс барысын қадағалау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

Алматыда бір түнде 52 жол апаты болды

Соңғы жаңалықтар