Алматы маңындағы жиһаз цехында өрт шықты

Алматы маңындағы жиһаз цехында өрт шықты
Фото: Видеодан алынған скрин

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Алматы-Бішкек» автожолының 18 шақырымында орналасқан жиһаз цехында өрт шығып, 2 адам жеңіл жарақат алды. 

Алматы облысы ТЖД мәліметіне сәйкес, бүгін 13:19-да Қаскелең қаласындағы 101 байланыс пунктінің желісіне матрацтар өндіретін жиһаз цехының жанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары дереу жіберілген.

- Оқиға орнына келгеннен кейін жалпы ауданы 231 ш.м. матрацтар шығаратын жиһаз цехының жанып жатқаныанықталды, қабылданған шаралармен өрт 14:07-де жойылды. Жалын салдарынан екі адам жеңіл жарақат алды. Өрттің себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 27 қызметкері мен 9 бірлік техника және Алматы қаласы ТЖД-ның 5 қызметкері мен 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Еске салайық, бұған дейін Оралда өрт болған сауда орталығынан 150 адам сыртқа шығарылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram