05:07, 27 Мамыр 2024 | GMT +5
Алматы мен Атырауда ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM - 2024 жылдың 27 мамырында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Атырау және Алматы қалаларында күтіледі.

«2024 жылдың 27 мамырында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Атырау және Алматы қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.