04:11, 27 Қараша 2025 | GMT +5
Алматы мен тағы 6 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2025 жылғы 27 қарашада Алматы, Қызылорда, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.