Алматы мешіттерінде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

ұрлық
Фото: видеодан алынған скрин

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қаланың криминалдық полициясы 4 тонау және 3 көлік ұрлығы фактісі бойынша 24 жастағы Алматы облысының тұрғынын тұтқындады. 

Алматы қалалық криминалдық полициясының мәліметіне сәйкес, күдікті мешіттерде ұялы телефондарды жасырын түрде ұрлап, қаланың төменгі бөлігінде бөтен адамдардың көліктерін айдап кетіп отырған. 

«Қаскөй Алматы маңындағы компьютерлік клубтардың бірінде ұсталды. Ол ұрлаған көліктер табылды және иелеріне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу сатысында күдіктінің 7 қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Сондай-ақ оның осыған ұқсас заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.

Айта кеткен жөн, ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады. 

Соңғы жаңалықтар