Алматыдан 338 км қашықтықта жер сілкінді

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 21 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 16:55-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

жер сілкінді
Фото: static.vkurse.kz

«Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 338 км жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10,3.

Магнитудасы MPV 4,6.

Эпицентр координаттары 40.19° с.е. 77.53° ш.б.

Тереңдігі - 20 км.

Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) түскен жоқ», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар