Алматы облысында 5 гектар қарасора алқабы табылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Еңбекшіқазақ ауданының прокуратура қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшыларымен бірге жабайы қарасора алқабын анықтады.

Алматы облысының тұрғыны алма бағында қарасора өсірген
Фото: polisia.kz

Қарасораның жалпы ауданы 5 гектардан асады. Қазіргі уақытта қарасораны жою шаралары жүргізіліп жатыр.

- Қарасора құрамында есірткі немесе психотроптық заттар бар өсімдіктердің тізіміне енгізілген және Қазақстан Республикасында бақылауға жатады. Құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылған. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру жағдайлары туралы хабардар болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауыңызды сұраймыз, - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасынан.

Сонымен қатар облыстық прокуратура ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, жер иелері мен жер пайдаланушыларға жабайы кендірді жою шараларын қолданбағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында есірткі тасыған екі жолаушы ұсталды.

Соңғы жаңалықтар