11:22, 17 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Алматы облысында әйелдің денесі табылды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы обылысы Кызыл Қайрат ауылындағы жұмыс істемей тұрған зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды.

Алматы облыстық Полиция департаменті аталған фактіні растады.
– 56 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Талғар аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды– деп хабарлады ведомстводан.
Қазір оқиғаның мән-жайын объективті анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, денеде зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ.
Осыған дейін Алматының Түрксіб ауданында бір әйелдің денесі табылғаны туралы жазған едік.
Бұдан бөлек, Алматыда ерлі-зайыпты қарт кісілерді 56 жастағы танысы өлтіріп кеткен еді.