Алматы облысында бала саудалады деген күдікпен 38 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауржан Әленов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бала саудасымен айналысқан күдікті ұсталғанын хабарлады.

«Жезқазған – Петропавл» тас жолында адам қағып, мерт қылған жүргізуші ұсталды
Фото: Polisia.kz

Облыстық полиция департаменті бастығының айтуынша, 25 тамызда әлеуметтік желіде кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесетін топ туралы жедел ақпарат түскен.

- 28 тамызда осы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іске күдікті 38 жастағы Қызылорда облысының тумасы ұсталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп жазды полиция бастығы.

Еске салайық, Алматыда көпқабатты үйдің автотұрағында екі көлік өртенді.

Соңғы жаңалықтар