Алматы облысында бір адамның он шақты иті 52 жастағы әйелді талаған

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде жерде жатқан әйелді он шақты иттің талап жатқаны бейнелеген жазба тарады.

қаңғыбас иттер
Фото: almaty.tv

Желідегі мәліметке сәйкес, оқиға Қарасай ауданында болған.

Алматы облысының полиция департаменті иттердің 52 жастағы әйелге шабуыл жасауына байланысты қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.

- Жедел-іздестіру шаралары барысында 60 жастағы иттердің иесі анықталды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, биыл Алматыда қаңғыбас жануарларды аулау, уақытша ұстау, ветеринариялық өңдеу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 834,3 млн теңге бөлінді.

Бұған дейін Алматыда итті көліктен сүйреген жүргізушіге іс қозғалғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум