Алматы облысында демалыс күндері 42 гектар құрғақ шөп өртенген

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы облысында демалыс күндері ыстық ауа райына байланысты құрғақ шөп өртенуі фактілері жиі болды.

 Алматы облысында демалыс күндері 42 гектар құрғақ шөп өртенген
Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысының ТЖД мәліметінше, сенбі-жексенбі күндері өңірдің өрт сөндіру қызметтері 80-нен астам қызметтік шақыртуға шыққан. Олардың қатарында — өрт оқиғалары, құрғақ шөптің жануы және іздестіру-құтқару жұмыстары бар.

— Таулы аумақтарды қоса алғанда, жанған құрғақ шөптің жалпы аумағы 42 гектарды құрады. Азаматтардан «112» нөміріне — 1200 қоңырау, «101» нөміріне — 588 шақырту келіп түсті, — деп хабарлады ТЖД.

Еске салайық, Алматыда 5-санаттағы өрт қауіптілігі жарияланды.

Бұған дейін Алматы маңындағы таулы аймақта құрғақ шөп өртенгенін жазғанбыз.

Сондай-ақ Алматыда Кеңсай-1 аумағындағы тау бөктерінде өрт шықты.

 

Соңғы жаңалықтар