Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

АСТАНА. KAZINFORM –  Биыл 28 қаңтарда ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды.

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Фото: ҚР ҰҚК

Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясы бойынша қамауға алынды.

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Фото: ҚР ҰҚК

- Тінту барысында 15 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы мен кристалдану сатысындағы осы заттың 70 литрі, сондай-ақ 200 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Фото: ҚР ҰҚК
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Фото: ҚР ҰҚК

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салсақ Жетісуда 21 жастағы азаматтан 111 орам есірткі тәркіленген еді

Соңғы жаңалықтар