Алматы облысында қолайсыз ауа райына байланысты автожолдар жабылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар бағыттарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды облыстық ТЖД.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

- 11 желтоқсан күні сағат 17:40-та «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 2295-2380 шақырымдары аралығында (Қаншеңгел ауылынан Күрті ауылына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысы тоқтатылды. Жолды 12 желтоқсан күні сағат 07:00-де қайта ашу жоспарланып отыр, - делінген ҚазАвтоЖол таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, сағат 18:00-де «Қонаев – Күрті» автожолының 0-67 шақырымдары аралығында да көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу қойылды.

Бұл бағыт та 12 желтоқсанда сағат 07:00-де ашылады деп күтіледі.

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Айта кетейік, бүгін Абай облысында 13 жеңіл және 25 жүк көлігі жолда қалып қойғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум