Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысы аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

жол жабық
Фото: pixabay

2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 6:30–да Алматы облысында ауа райының нашарлауына (қалың тұман, көрінудің шектелуі) байланысты төмендегі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу енгізіліп, жол жабылды:

— «Алматы–Талдықорған–Өскемен–Шемонаиха–РФ шек» автомобиль жолының 25-67-шақырым аралығындағы учаскесі (төлемақы алу пунктінен — Қонаев қаласына дейін);

— «Алматы — Шелек — Қорғас» автомобиль жолының 24-136 шақырым аралығындағы учаскесі (төлемақы алу пунктінен — Шелек ауылына дейін).

Жолды 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 11:00–де ашу жоспарланып отыр.

Аске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар