Алматы облысында құдықтан 3 адамның мәйіті табылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысы Кеген ауданында құдықтан 3 адамның өлі денесі табылды. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады.

құдық
Фото: видеодан кадр

Бейнежазбада адамдардың мәйіті табылған құдық көрсетіледі және қайтыс болғандардың арасында 15 жастағы жасөспірім бар екені айтылады.

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдай бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.

«Бұл дерек Кеген ауданының полициясында тіркелді. Қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, Алматыда көпқабатты үйден құлаған екі жасөспірім көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар