Алматы облысында оқушы қыздар қатарласынан ақша бопсалаған

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы облысында жасөспірім қыздар өздері қатарлас қызға қысым көрсетіп, одан ақша бопсалаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлім етті.

кешірім сұрады
Фото: видеодан алынған скрин

Айтуынша, Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жасар оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, оларды жауапқа тартты.

«Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды. Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл факт Қарасай ауданының полиция басқармасында тіркелді, іс материалдары сотқа жөнелтілді», – дейді Бауыржан Әленов.

Қазір ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды қолға алды.

Бұған дейін Алматы облысында әлімжеттік жасаған жасөспірімдер үстінен іс қозғалғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар