Алматы облысында үш ай бұрын жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылған жоқ

Алматы
Фото: instagram.com/kopd_mp_rk

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жоғалып кеткен 3 жастағы қыз әлі ізделіп жатыр. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Kazinform тілшісінің сауалына берген жауабында айтты.

«Қыз әлі табылмады. Оны іздестіру шаралары әлі жалғасып жатыр», - деп жауап берді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 17 наурыз сағат 16:00 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Қызды іздеуге тікұшақ пен дрон жұмылдырылды

Кейін Алматы облыстық Полиция департаменті із-түзсіз жоғалып кеткен Айя Софияға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын мәлім етті. 

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар
telegram